jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ақтауда қызды ұрып-соққан жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

    Құжат толтырып отырған полицей
    Құжат толтырып отырған полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақтауда кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан қатарластарының әрекеті жұртты шошытты. Жасөспірімдер бойжеткенді жерге отырғызып, аяусыз соққыға жыққан. Олар бұл әрекетін видеоға түсірген, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Видеода қыздың тізерлеп отырғаны, кейін оған бірнеше адамның күш көрсеткені анық көрінеді. Қазір жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

    Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, төбелеске қатысы бар жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылған. Ал олардың әке-шешесі бала тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

    Бүгінде іс материалдары сотқа, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жіберілген.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Ақтауда қызды ұрып-соққан жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram