Түркістан тұрғыны өгей ұлы мен келінін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді (видео)
Жарияланған күні:

Түркістан қаласының тұрғыны өгей ұлы мен келінін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.
Телеарна дерегінше, қанды қылмыс болған үйде ерлі-зайыпты қария тұрған. Соңғы бес айдан бері әйелі төсекке таңылып, өткен аптада қайтыс болған. Көршілерінің айтуынша, анасының жаназасына Қызылордада тұратын ұлы мен келіні келген. Олар жерлеуден соң жанжал басталып, соңы қанды оқиғамен аяқталғанын айтады.
"Пышақтаған деп айтып жатыр ғой. Екі адамды пышақтаған. Осы кемпірге қараған шал ғой негізі, ешқандай зияны жоқ-тұғын, білмеймін. Сыртынан көретінбіз. Кіріп-шығып жүретін. Былай зияны жоқ адамға. Білмеймін не үшін болғанын", - дейді тұрғындардың бірі.
Ауылдастарының айтуынша ,ерлі-зайыпты жедел-жәрдем келгенше көз жұмған.
"Біреуі далада жатыр. Біреуі іште жатыр дейді ғой, кіргендер айтады", - дейді тағы бір тұрғын.
Күдікті қамауға алынған. Қанды оқиғаға нақты не себеп болғанын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2421093-turkistan-turgyny-ogei-uly-men-kelinin-pyshaqtap-oltirdi-degen-kudikke-ilindi-video/
