ҰҚК: Алматы әуежайында шетелдік азаматтардың жүгінен жалпы салмағы 32 килограмм есірткі табылды
Жарияланған күні:

Алматы әуежайына Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген рейстерден аса ірі мөлшерде есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл тамызда Алматы әуежайында ҰҚК Шекара қызметі көлік прокуратурасының үйлестіруімен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген рейстерден Қазақстанға аса ірі мөлшерде есірткі заттарын әкелудің үш фактісін әшкереледі.
Шетелдік азаматтардың жол жүгін тексеру барысында косметикалық өнімдерге жасырылған ыдыстардан "марихуана", "каннабис шайыры" және "гашиш майы" табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 килограмнан асты.
Көрсетілген фактілерге қатысты материалдар құзыретті органдарға тергеу үшін берілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2421414-uqk-almaty-auezhaiynda-sheteldik-azamattardyng-zhuginen-zhalpy-salmagy-32-kilogramm-esirtki-tabyldy/
