jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қызылорда облысында үйдің ауласынан учаскелік полиция қызметкерінің денесі табылды

    полиция
    Полиция. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қызылорда облысы Арал ауданында учаскелік полицейдің мәйіті табылды. 38 жастағы Мырзажан Жәкеновтің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Ішкі Істер органының қызметкерін өлтірді деген күдікті қазір іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды 31 арна.

    Телеарна тілшісінің хабарлауынша, тәртіп сақшының денесін үйдің ауласынан тұрғындар көріп, жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда дәрігерлер келгенде азаматтың жүрегі тоқтап қалғаны анықталды. Марқұм ауыр соққылардан көз жұмуы мүмкін.

    Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, ұстау операциясын бастады.

    Телеарна мәліметінше, күдікті адам отбасылық жанжал үшін талай мәрте жауапкершілікке тартылған. Оған хаттаманы марқұм Мырзажан Жәкенов толтырғаны айтылады.

    Қазір "адам өлтіру" бабымен тергеу жүргізіліп жатыр.

    "Оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстау бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Бұған дейін күдікті отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін қайтыс болған учаскелік инспектор тарапынан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Бауыржан Сәулебеков.

    Қызылорда облысында үйдің ауласынан учаскелік полиция қызметкерінің денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram