jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    12 адамның өліміне себеп болған "Центр плова" дәмханасындағы жарылыс: сотталушыларға соңғы сөз берілді

    "Центр плова" кафесі
    "Центр плова" кафесі. Кадр: "КТК" арнасы

    Щучинск қаласындағы "Центр плова" дәмханасында болған жарылысқа қатысты іс бойынша сотталушылар соңғы сөзін айтты. Қайғылы оқиға 12 адамның өмірін қиған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

    Телеарна мәліметінше, сотталушы үш адам жауап берді. Олар – дәмханадағы баллондарды толтырған газ құю бекетінің иесі, баллондарды тасымалдаған жүргізуші және дәмхана қожайыны.

    "Менің кінәм дәмхана жұмысын тиісті деңгейде бақыламағанымда деп түсінемін. Атап айтқанда, өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмады. Құжаттар мен кафенің барлық жұмысын сеніп тапсыруда немқұрайлылық таныттым", - деді сотталушылардың бірі.

    "Центр плова" дәмханасының иесі қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендерге көмектесуге тырысқанын және тергеуге атсалысқанын айтты. Сондықтан ол прокурор сұраған жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тым қатал деп санайды.

    Газ құю бекетінің иесі болған оқиғаға қатысым жоқ деп мәлімдеді. Ол қызметкерлерге тұрмыстық баллондарды толтыруға тыйым салғанын, бірақ олардың өз бетінше әрекет еткенін алға тартты. Газ баллондарын тасымалдаушының соңғы сөзі қысқа болды. Ол соттан әділ шешім шығаруды сұрады.

    "Бұл іске қатысушылардың барлығының кінәсі дәлелденді. Сондықтан соттан осыны ескеріп, оларға ең жоғарғы жаза тағайындауды сұраймыз", - деді жәбірленуші Владимир Евдокимов.

    Дереккөз: КТК

    12 адамның өліміне себеп болған "Центр плова" дәмханасындағы жарылыс: сотталушыларға соңғы сөз берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram