jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Пәтер иесі ретінде танысқан": Ақтөбеде бір туған бауырлар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

    Пәтер
    Пәтер. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбеде жалған пәтерді жалға беру арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен бір туған бауырлар - әпкесі мен інісі ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе полицейлері интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен екі жергілікті тұрғынды ұстады.

    "Күдіктілер танымал интернет-платформалардың бірінде Алматы қаласынан пәтер жалға беретіні туралы хабарландыру жариялаған. Олар пәтердің бағасын арзан етіп көрсеткен", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Алаяқтық схеманың құрбаны болғандар – жазғы демалыс кезінде Алматыға баруды жоспарлаған Ақтөбе тұрғындары.

    "Қоңырауларға жауап берген күдіктілер өздерін пәтер иесі ретінде таныстырған. Олар алдын ала төлем жасауды сұраған. Жәбірленушілер 10 мыңнан 55 мың теңгеге дейін ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін алаяқтар байланысқа шықпай қойған", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

    Қазіргі таңда төрт жәбірленуші анықталды.

    Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктілерді анықтады. Олар – Ақтөбе қаласының тұрғындары, 33 жастағы әйел мен 24 жастағы ер адам. Олар бір-біріне туған әпке-іні болып келеді.

    Полиция бөліміне жеткізілген күдіктілер өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

    "Пәтер иесі ретінде танысқан": Ақтөбеде бір туған бауырлар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram