"Қазақстандағы жалғыз қалайы кен орны": экс-басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында теміржол кірме жолын салуда бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаменті Айыртау ауданындағы құрылыс кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 2017 жылы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы "Бизнестің жол картасы — 2020" бағдарламасын іске асыру аясында Akcent KZ ЖШС-мен "Сырымбет" кен орнына дейін ішкі алаңдағы жол тармақтары мен инженерлік желілері бар теміржол кірме жолын салу жөнінде шарт жасасқан.
""Сырымбет" кен орнының өңір үшін стратегиялық маңызы бар. Ол — Қазақстандағы жалғыз әрі Орталық Азиядағы ең ірі қалайы кен орны.
Мемлекеттік сатып алудың жалпы құны 1,4 млрд теңге болған.
Бастапқыда құрылыс 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған, алайда жобаны іске асыру мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Нысан құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған", - дейді ҚМА ресми өкілі.
Нәтижесінде іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құны 380 млн теңгені құрады.
Іс бойынша мердігер ұйымның басшысы және Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы күдікті деп танылды.
Сот санкциясымен 3 пәтер мен автотұрақ орнына тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
ҚМА ресми өкілі өзге ақпаратты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сүйеніп, жария еткен жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
