Шекарадан жалпы сомасы 1,5 млрд теңге болатын шетел валютасы, қару мен есірткі алып өтпек болғандар ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы тамыздағы жұмысын қорытындылады. Мемлекеттік шекара арқылы валюта, қару мен есірткіні заңсыз өткізу әрекеттерінің жолы кесілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ҰҚК мәліметінше, тамызда шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 5 588 адам ұсталды. Олардың 4 907-сі – шетел азаматтары.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2089 фактісінің алды алынды, соның ішінде:
- 30 факті – есірткі заттары;
- 68 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (5 бірлік пневматикалық қару, 130 бірлік суық қару, 228 бірлік оқ-дәрі);
- 1 061 факті – көлемі 159 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдары;
- 751 факті – жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
- 179 факті – сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.
Сондай-ақ Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 61 фактісі тоқтатылып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді. Алдын алынған шығын сомасы 561 млн теңгеден астамды құрады.
Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ 40 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 886 әкімшілік іс өндірісте.
Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
