"Терроризмді насихаттаған": ҰҚК Алматы, Шымкент және өзге өңірлерде 28 адамды ұстады
Жарияланған күні:

2026 жылдың маусым-шілде айларында ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 19 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солардың бірі, Алматы қаласында туған адам 2017 жылдан бастап халықаралық террористік ұйымдарынының іс-әрекетіне қатысқаны үшін іздеуде жүрген. Ол Түркиядан табылған еді. Ол жақтан 2025 жылы елге депортацияланып, қылмыстық іс аясында қамауға алынған. Сот шешімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Одан бөлек Шымкент қаласының тұрғыны қоғамдық желілерде терроризм идеологиясын насихаттап, таныстарды зорлық-зомбылық акцияларға шақырған. Ол 9 жылға сотталды.
Осы кезең аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Манғыстау және Түркістан облыстарында жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 28 тұлға ұсталды.
Олар терроризмді насихаттаған, діни араздықты қоздырған, интернетте және өздерінің айналасында тыйым салынған материалдарды таратқан және экстремисттік ұйымына қатысқан деген күдікке ілінді.
Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2421807-terrorizmdi-nasihattagan-uqk-almaty-shymkent-zhane-ozge-ongirlerde-28-adamdy-ustady/
