jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    ШҚО тұрғыны марқұм бауырынан қалған "мұраның" кесірінен қиын жағдайға тап болды (видео)

    Тергеу сәті
    Тергеу сәті. Кадр: ШҚО ПД

    Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны марқұм бауырынан қалған "мұраның" кесірінен қиын жағдайға тап болды. Одан қару-жарақ арсеналы табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегін анықтады.

    52 жастағы ауыл тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді. Оның ішінде аңшы мылтығының бір ұңғылы кесіндісі, сигналдық револьвер және 50-ге жуық оқ болған.

    "Ер адам қару мен оқ-дәрілер марқұм бауырынан мұраға қалғанын түсіндірді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады ШҚО ПД.

    Ведомство өкілдері қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

    "Қару немесе оқ-дәрілер табылған жағдайда оларға тиісуге немесе өз бетіңізше тасымалдауға болмайды. Бұл туралы дереу полицияға хабарлау қажет", - деп ескертті ШҚО ПД өкілдері.

    ШҚО тұрғыны марқұм бауырынан қалған "мұраның" кесірінен қиын жағдайға тап болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram