Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен нәресте табылды: полицейлер оның анасы кім екенін анықтады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жамбыл облысында полицейлер қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестенің анасы кім екенін жедел түрде анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Қордай ауданындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған нәресте табылғаны белгілі болды. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта сәби медициналық мекемеде. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізілді. Полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған әйелді тез арада тапты.
"Әйел полиция бөліміне жеткізілді. Ол өз кінәсін мойындап, сұрақтарға жауап берді.
Сотқа дейінгі жан-жақты және толық тергеу нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, Жамбыл облысы полиция департаменті өзге ақпаратты жария етпеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2422024-zhambyl-oblysynda-qoqys-zhashiginen-nareste-tabyldy-politseiler-onyng-anasy-kim-ekenin-anyqtady/
