Алматы облысында ер адам жертөлеге құлап, өздігінен шыға алмай қалған (видео)
Жарияланған күні:

Алматы облысында ер адам жертөлеге құлап кеткен. Ол өздігінен шыға алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ТЖМ.
Алматы облысының Іле ауданында құтқарушылар жертөлеге құлап, өздігінен шыға алмай қалған 1957 жылы туған ер адамға көмек көрсетті.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен ер адамды жертөледен шығарды.
Құтқарылған азамат алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2422116-almaty-oblysynda-er-adam-zhertolege-qulap-ozdiginen-shyga-almai-qalgan-video/
