jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қызылордадағы заңбұзушылық: видеоға түсіп қалған жүргізушілер жауапқа тартылды

    Полиция Франции
    Полиция Франции. Иллюстративное фото: Nicolas Guyonnet / Hans Lucas / AFP via Getty Images

    Қызылордада әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін бірнеше жүргізуші жазаланды. Кадрларда автокөлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзғанын көруге болады, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Қызылордада әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған кортеждің бейнежазбасы анықталды.

    Полиция мәліметінше, бірнеше жүргізуші қала аумағында кортеж ұйымдастырып, жол жүру және маневр жасау талаптарын бұзған. Сондай-ақ авариялық сигналды заңсыз пайдалану және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқару деректері тіркелді.

    Полиция барлық қатысушыны анықтап, бөлімшеге жеткізді. Олар 20-35 жас аралығындағы Қызылорда қаласының тұрғындары болып шықты. Құқық бұзушыларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданып, бір автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

    Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Жолды бөгеп жүру, авариялық сигналды заңсыз пайдалану және қауіпті маневр жасау жауапкершілікке әкеп соғады.

    Әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы мониторинг жалғасуда.

    Қызылордадағы заңбұзушылық: видеоға түсіп қалған жүргізушілер жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram