jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы әуежайында зейнеткер орынсыз әзілі үшін жазаланды (видео)

    Ұшақтағы келеңсіз жайт
    Ұшақтағы келеңсіз жайт: t.me/qumash_kz

    Алматыдан Ақтауға ұшпақ болған жолаушы ұшақта жарылғыш зат бар екенін айтып, әзілдеді. Соның салдарынан рейс екі сағатқа кешігіп ұшты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Qumash Telegram-арнасы Алматыдан Ақтауға бағыт алған ұшақ жолаушысы түсірген видеоны жариялады.

    Видео авторының айтуынша, стюардесса сөмкені жоғарғы сөреге көтере алмаған. Оған зейнеткер жастағы жолаушы көмектеспек болды. Ол жүк ауырлығына байланысты орынсыз әзілдеп, ішінде жарылғыш зат болуы мүмкін екенін айтқан.

    Осы оқиғаға байланысты рейс екі сағатқа кешіктірілді.

    Көліктегі полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне оқиғаның бүгін, 3 қыркүйекте болғанын хабарлады.

    "Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуекомпаниясының актісі бойынша Алматы-Ақтау бағытындағы рейстен жолаушы түсірілді. Ол қазақ тілінде: "Мына сөмкеде қорғасын ба, бомба ма?" деп әзілдеген", - делінген хабарламада.

    Көлік полицейлері авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерімен бірлесіп, жедел тексеру жүргізді. Тыйым салынған заттар немесе жарылғыш заттар табылған жоқ. Эвакуация жүргізілген жоқ, әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастырды.

    Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Тиісті шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданады", - делінген хабарламада.

    Азаматтарды мұндай сөздердің салдарына байыппен қарауға шақырды.

    "Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін, сондай-ақ құқық бұзушының өзіне және айналасындағыларға жағымсыз салдары бар әзілдерден аулақ болуға шақырамыз", - деп қосты Көліктегі полиция департаменті.

    Алматы әуежайында зейнеткер орынсыз әзілі үшін жазаланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram