jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қызылорда облысында құдықтан 20 жастағы жігіттің денесі табылды

    құдық
    Құдық. Көрнекі фото: Sviatlana Lazarenka/Getty Images

    Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті құдықтан табылды. Қайғылы оқиғаға байланысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, марқұмның 15 жастағы туған інісі күдікке ілінген, деп хабарлайды Astana телеарнасының сайты.

    20 жастағы жігіт үйінің ауласына төсек салып, түнеген. Алайда таңертең оның жоғалып кеткені белгілі болған. Жақындары өз беттерінше іздеу жүргізіп, бір тәуліктен кейін жігіттің денесін үйінен шамамен 400 метр жердегі жергілікті су құбырының құдығынан тапқан.

    Марқұмның туыстары оның денесінде көгерген іздер болғанын, сондай-ақ мойнынан жіпке ұқсас із байқалғанын айтқан. Кей деректе мәйіттің көрпеге оралған күйде табылғаны көрсетілген.

    Құқық қорғау органдары қылмысқа күдікті ретінде оның 15 жастағы туған інісін ұстаған. Ол сот санкциясымен қамауға алынған. Алайда марқұмның ата-анасы бұл нұсқамен келіспейді. Олардың айтуынша, жасөспірімнің ағасына қастандық жасағанына сену қиын.

    Отбасы бұған дейін үйден ақша ұрлау фактілері болғанын айтып, қылмысқа басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деген болжам жасаған. Туыстары істің жан-жақты әрі объективті тергелуін сұрап отыр.

    Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы мен Мейіржанның өліміне кімнің қатысы барын тергеу анықтайды.

    Қызылорда облысында құдықтан 20 жастағы жігіттің денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram