Бопсалау, адам ұрлау: Қазақстанда жыл басынан бері ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 169 адам ұсталды
Жарияланған күні:

Жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің бірқатар өңірінде 24 қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар туралы мәлімет берді.
Ведомство мәліметінше, биыл жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің бірқатар өңірлерінде 24 қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекетінің жолын кесті.
"Бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарды жасады деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде топ жетекшілері ұсталды.
Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды", - дейді ҰҚК өкілдері.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілген жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2423052-bopsalau-adam-urlau-qazaqstanda-zhyl-basynan-beri-auyr-qylmys-zhasady-degen-169-adam-ustaldy/
