jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ҚМА Ақмола облысында 50 млн теңге субсидияны заңсыз алу фактісін тергеп жатыр

    Ақша санап отырған адам
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті мал шаруашылығын дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Тергеу деректеріне қарағанда, "Медина" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры мен Шортанды аудандық ветеринариялық станциясының басшысы ақпараттық жүйеге ірі қара мал саны туралы жалған мәлімет енгізіп, мемлекеттік субсидияны заңсыз алудың амалын тапқан.

    "Атап айтқанда 57 асыл тұқымды тұқымдық бұқа бар деген жалған мәліметтің негізінде бюджеттен 9 млн теңге аударылған. Кейін осы деректерге сүйеніп, іс жүзінде жүргізілмеген селекциялық жұмыстарға тағы 17 млн теңге бөлінген. Бұдан бөлек төрт өтінімде аналық мал саны 3 мың бас артық көрсетілген. Соның салдарынан тағы 27 млн теңге субсидия негізсіз алынған", - дейді ҚМА ресми өкілі.

    Мемлекетке келтірілген залал 50 млн теңгеден асты.

    Кооператив директорына қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.

    ҚМА Ақмола облысында 50 млн теңге субсидияны заңсыз алу фактісін тергеп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram