jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанда облыс әкімінің орынбасары және тағы 9 шенеунік жазаланды

    Шенеунік
    Жазып жатқан ер адам. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Көлік прокуратурасының тексеруінен кейін Қазақстанда әкім орынбасары мен тағы 9 шенеунік жауапқа тартылды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның ресми сайтындағы дерек бойынша, көлік прокуратурасы автомобильмен жолаушылар тасымалдаудың тұрақты облысаралық, қалааралық және ауданішілік бағыттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстардың заңдылығына талдау жүргізді.

    "Тексеру нәтижесінде бірқатар өңірде конкурс рәсімдерін ұйымдастыру кезінде қатысушыларға заңсыз кедергілер жасалғаны анықталды. Сондай-ақ жекелеген тасымалдаушыларға негізсіз артықшылықтар берілген. Бұл заңнама талаптары мен адал бәсекелестік қағидаттарын бұзды", - деп мәлімдеді Бас көлік прокуратурасы.

    Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында облыс әкімінің орынбасары мен жергілікті атқарушы органдардың бірқатар басшысы бар.

    Оларға қызметке толық сәйкес еместік туралы ескерту жарияланды. Қалған лауазымды тұлғаларға сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар тағайындалды.

    Қазақстанда облыс әкімінің орынбасары және тағы 9 шенеунік жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram