jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Үй ауласында отырған үш адамның өмірін қиған Арыстағы қайғылы оқиға: сот жарыссөзі өтті

    Оқиға
    Оқиға орны. Видеодан кадр: Жетінші арна

    Түркістан облысында мас күйде көлік тізгіндеп, үй ауласында отырған адамдарды қағып кетті деп күдікке ілінген мектеп мұғаліміне қатысты сот жарыссөзі өтті. Үш адамның өмірі қиылған оқиға 6 маусымда Арыс қаласында болған еді, деп хабарлайды Жетінші арна.

    Телеарна мәліметінше, марқұмдардың туыстары сотталушыға кешірім бермейтінін айтып, қатаң жазалауды сұрады.

    Ауласында бейқам отырған екі отбасы бір сәтте қара жамылып, үш адам мерт болған еді. Олардың екеуі – бала, біреуі – жүкті әйел. Тағы бір адам ауыр жараланып, екеуі орташа жарақатпен ауруханаға түскен. Мемлекеттік айыптаушы көлікті мас күйде тізгіндеген әйелді 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

    "Қылмыстық кодекстің 58-бабы 2-бөлігіне сәйкес, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы Касимовға өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 10 жыл мерзімге түпкілікті бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Асырауында 14 жасқа толмаған қызының бар болуына байланысты тағайындалған жазаның орындалуын 1 жылға кейінге қалдыруды сұраймын", - деді прокурор.

    Сол күнгі апаттан Дана Үсімбек пен оның бір жарым жастағы сәбиі ауыр жараланған еді. Ал оқиға орнында көз жұмған 5 жасар қыз бала – дәл осы жәбірленушінің перзенті. Әлі денсаулығы қалпына келмеген 30 жастағы әйел сот жарыссөзінде көз жасын тия алмады.

    "Өсіріп, бағып отырған перзентімізден айырылып отырмыз, өзім мүгедек болдым. Менің және баламның денсаулығы қайтадан орнына келмейді. Марқұм қызымды мектепке жетектеп апаратын шағында басына құран бағыштауға барып жүрмін", - деді жәбірленуші Дана Үсембек.

    Айыпталушы кәмелетке толмаған мүмкіндігі шектеулі қызы бар екенін айтып, соттан жеңіл жаза беруді өтінді. Болған жағдайға өкінетінін білдіріп, кешірім сұрады. Енді бұл іс бойынша сот үкімі 7 қыркүйекте жарияланады.

    Үй ауласында отырған үш адамның өмірін қиған Арыстағы қайғылы оқиға: сот жарыссөзі өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram