jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда дүкенде жанжал шығып, ер адам кеуде тұсынан жарақат алды (видео)

    жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыдағы азық-түлік дүкенінде ер адамдар бір-бірімен сөз таластырып, оқиғаның арты қайғылы оқиғаға ұласа жаздады. Ер адамдардың бірі кеуде тұсынан жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

    Алматы қалалық полиция департаменті Instagram парақшасында жанжал Түрксіб ауданындағы шағын азық-түлік дүкенінде болған. Оқиға екі ағайынды мен дүкен қызметкерінің арасында туындады. Сөз таластыру арты төбелеске ұласты.

    "Төбелес кезінде қатысушылардың бірі кеуде тұсынан өткір затпен жарақат алды. Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетілді. Учаскелік инспектор жанжалға қатысушыларды жедел ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді", - деп атап өтті полиция.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Әрбір қатысушының әрекеті мен рөліне құқықтық баға беріледі.

    Алматыда дүкенде жанжал шығып, ер адам кеуде тұсынан жарақат алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram