Алматы облысында тұрғын үй кешенінің ауласында екі баланы көлік қағып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы облысындағы аулалардың бірінде көлік екі баланы қағып кетті. Оқиғаның видеосы желіде пайда болды. Облыстық полиция департаментінің мәліетінше, жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram-дағы almatinec_live парақшасында "Нурия" тұрғын үй кешенінің маңында екі баланы көлік қағып кеткен. Жергілікті тұрғындар балаларды қағып кеткен көліктің шамамен 40 км/сағ жылдамдықпен қозғалғанын болжады.
Жарияланым астындағы пікірлерде Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаның 4 қыркүйек күні сағат 18:20 шамасында Талғар ауданы Бесағаш ауылында болғанын хабарлады.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан балалар әртүрлі дене жарақатын алды. Олар қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Екі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен Chevrolet Cobalt көлігінің 25 жастағы жүргізушісі полиция қызметкерлері жауапкершілікке тартты", - деп хабарлады облыстық ПД.
Полиция жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Бұл әсіресе балалар жүретін тұрғын үй массивтерінде маңызды. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі жүргізушілердің мұқияттылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2423594-almaty-oblysynda-turgyn-ui-keshenining-aulasynda-eki-balany-kolik-qagyp-ketti/
