jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Камера жоқ жерде ұрады екен": Ақтөбеге әскерге барған сарбаз ауруханаға түсті

    Сарбаздың ата-анасы
    Сарбаздың ата-анасы. Фото: КТК телеарнасы

    Ақтаудан Ақтөбеге әскерге шақырылған 18 жастағы сарбаз ауруханаға түсті. Әке-шешесінің айтуынша, ұлын әскери бөлімде сержанттар бірнеше рет соққыға жыққан. Оны жас сарбаздың өзі ата-анасына айтып беріп, полицияға арызданған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    "Ауруханада жатыр. Баладан зәр шықпай жатыр деп айтты. Сонымен отырдық та, келдік, 15 сағатта. Баланың жағдайы осындай болып жатыр. Катетермен балам зәрін шығара алмай жатыр. Көзі ішіне кіріп кеткен. Үш сержант, үшеуі жабылып ұрды деген жоқ. Айтқаны, жиі, киім сақтайтын орында дейді, камера ол жерде жоқ, сол жерде ұрады екен", - дейді сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаева.

    Ақтөбеде әскери борышын өтеп жүрген ұлының ауруханаға түскенін ата-анасы кездейсоқ білген. Оларға осыдан үш күн бұрын дәрігерлер хабарласып, баласы емдеу мекемесінде жатқанын айтады. Сол бойда Еркебұлан Досымбетпен байланысқа шығып, ол сержанттардың көрсеткен әлімжеттігін айтып берген. Сарбаз дәрігерлер көмегіне кіші дәретке шыға алмаған соң жүгінген.

    Ауруханаға түскен бойда бозбаланы алдымен уролог қараған. Талдаулардан инфекция анықталмаған соң, травматолог шақырылыпты. Толық тексеруден соң ғана оның жарақат алған-алмағаны белгілі болады.

    Айта кетелік, Еркебұлан Досымбеттің Ақтөбедегі 6655 әскери бөліміне келгеніне небрі үш ай болыпты. Қазір бұл бөлімде тексеру жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары да қылмыстық іс қозғап, тергеуге кіріскен.

    "Батыс өңірлік қолбасшысы, әскери полиция басқармасының бастығы Ақтөбе қаласында сол күні сарбаздың ата-анасымен кездесу ұйымдастырылды және тергеу жүргізілді. Бүгінде сарбазға қойылған диагноз нақтыланбады", - дейді 6655 әскери бөлімі командиірінің орынбасары Төлеген Тұрақбаев.

    Дереккөз: КТК телеарнасы.

    "Камера жоқ жерде ұрады екен": Ақтөбеге әскерге барған сарбаз ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram