jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Өскеменде порнография түсіріп сатқан қылмыстық топқа сот үкімі шықты

    ілулі тұрған кісен
    Кісен. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Өскеменде порнография түсіріп, оны сатумен айналысқан қылмыстық топқа сот үкім кесті. Судья 14 адамға үш жыл мен бес жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Оңай пайда табуды көздегендер еліміздің 12 қаласынан пәтерлерді жалға алып, оны порностудияға айналдырған. Осылайша өздері жыныстық қатынастағы бейнероликтерге түсетін адамдарды тауып, материалдар әзірлеп келген. Ал оны көргісі келгендер ақша төлеп, сатып алып отырыпты. Ақыры оларды арнайы жасақ дәл қылмыс үстінде қолға түсірді.

    Сот алдына жеткізілген 14 адам кінәсін толық мойындады. Ал судья үкім шығарғанда олардың жеке басындағы жазаны жеңілдететін мән-жайды ескерген.

    "Мемлекеттік айыптау сотқа сотталушылардың айыпталған қылмысқа қатысы бар екені туралы бұлтартпас дәлелдерді ұсынды. Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесінің кінәсі толық дәлелденген деп таныды. Оларға әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Үкім заңды күшіне еңген жоқ", - дейді ШҚО прокурорының көмекшісі Бақытжан Қамалханов.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Өскеменде порнография түсіріп сатқан қылмыстық топқа сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram