Полицияны 167 рет шақырған: Алматы орталығындағы ең шулы аумақ анықталды
Жарияланған күні:

Жыл басынан бері Алматыда Назарбаев даңғылының 120 және 124-үйлерінде орналасқан 11 ойын-сауық орнынан полицияға 167 шақырту түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала полициясы Алматы орталығындағы проблемалы аумақты бақылауға алды.
ПД мәліметінше, қоғамдық тәртіп пен тыныштықтың бұзылуына байланысты 257 әкімшілік хаттама толтырылды. Нысан басшыларына құқық бұзушылықтарға әкеп соғатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдар жолданды. Қажетті шараларды қабылдамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 479-бабы бойынша тағы 11 хаттама толтырылды.
"Бұл аумақ полицияның ерекше бақылауында. Біз тек жасалған құқық бұзушылықтарға ғана емес, тыныштық пен қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатысты тұрғындардың шағымдарына да жедел ден қоямыз. Ойын-сауық орнын ашып, жұмысын ұйымдастыру оның маңындағы қауіпсіздік пен тәртіпке де жауапкершілік жүктейтінін нысан иелері мен басшылары түсінуі қажет. Біздің міндетіміз – жақын маңдағы үйлерде тұратын азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету. Сондықтан құқық бұзушылықтар жиі тіркелетін нысандарға қатысты алдын алу және бақылау шаралары жалғаса береді", - деді Тимур Ноғайбаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2424678-politsiiany-167-ret-shaqyrgan-almaty-ortalygyndagy-eng-shuly-aumaq-anyqtaldy/
