jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шетел азаматы Қазақстанда 6 жылға бас бостандығынан айырылды

    ұстау
    Ұсталған шетел азаматы. Фото: polisia.kz

    Батыс Қазақстан облысында шетел азаматы есірткі таратқаны үшін 6 жылға сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, БҚО полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Олар 33 жастағы шетелдікті есірткі жасырып жүрген жерінен ұстады.

    Жеке тінту кезінде ер адамнан ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған 12 орама және екі телефон табылып, тәркіленді.

    Сонымен қатар тексеру барысында сол тектес зат салынған тағы 13 орама табылып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адамның есірткі тарататын интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істегені анықталды.

    Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

    Қылмыстық істі қарау нәтижесінде сот шетел азаматын кінәлі деп таныды. Оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Шетел азаматы Қазақстанда 6 жылға бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram