Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Журналист әрі қоғам қайраткері Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды. Оған желідегі жазбасы себеп болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкерлері желіге мониторинг жүргізді. Нәтижесінде балағат сөздері бар жарияланым анықталды.
Аталған факті бойынша сот қаулысымен Ақмола облысының тұрғынына 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Полиция желіде құқыққа қайшы контент жариялағандарға заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2424713-arman-shoraev-20-taulikke-qamauga-alyndy/
