jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жаңаөзенде мұнай нысандарынан жабдық жоғалған: күдікті ұсталды

    ұсталған адам
    Ұсталған адам. Видеодан кадр: Маңғыстау ПД баспасөз қызметі

    Жаңаөзенде мұнай нысандарынан жабдықтар ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, "Металл" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жаңаөзен полициясы мұнай-газ кәсіпорнының өндірістік нысандарынан жабдық ұрлады деген күдіктіні қолға түсірді.

    "Алдымен полицияға Теңге ауылының аумағында орналасқан ұңғымадан екі шиберлі ысырма ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Ұрланған жабдықтың құны 1,5 млн теңгеден асады", - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаменті өкілдері.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Кейінгі тексеру барысында оның осыған ұқсас тағы бірқатар ұрлыққа қатысы бар екені белгілі болды. Ер адам жалпы алты ұрлық дерегіне қатысы бар деп күдікке ілінді.

    Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық бойынша қылмыстық істер қозғалды.

    Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Қазіргі уақытта ұрланған жабдықтардың орналасқан жері анықталуда. Сондай-ақ басқа да тұлғалардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

    Тергеу амалдары жалғасуда.

    Жаңаөзенде мұнай нысандарынан жабдық жоғалған: күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram