Алматыда аялдамада әйелді соққыға жыққан ер адамға сот үкім шығарды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда биыл сәуірде аялдамада әйелге шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сот кабинетінде жарияланған іс материалдарына сәйкес, Т. есімді ер адам әйелдің басына, бетіне және денесіне бірнеше рет соққы жасаған.
"Т. 2026 жылғы 23 сәуірде сағат 06:10 шамасында Қарғалы шағын ауданындағы Санаторная көшесінде орналасқан аялдамада бұзақылық жасап, Г. есімді азаматшаның шабуылды күтпегенін және қарсылық көрсете алмайтынын пайдаланған. Т. оның басы мен бетін 5-6 рет жұдырықтаған. Сондай-ақ денесі мен басынан 2-3 рет тепкен. Осылайша, ол жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген".
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізді. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша қауіпсіз мекемесінде өтейді.
Сонымен қатар сот жәбірленушінің талап-арызын қанағаттандырды. Сотталған азамат оған материалдық және моральдық шығын, сондай-ақ соттағы өкілдік шығындары үшін 1,5 миллион теңгеден астам қаражат төлеуге тиіс.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2425560-almatyda-aialdamada-aieldi-soqqyga-zhyqqan-er-adamga-sot-ukim-shygardy/
