Шымкентте көршілер арасындағы жанжал өліммен аяқталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шымкентте бейнебақылау камераларына көршілер арасындағы төбелес түсіп қалды. Оқиға 9 қыркүйекте Хамза көшесінде болған. Жанжал салдарынан ер адамдардың бірі көз жұмды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.
Оқиға 65 және 39 жастағы ер адамдар арасында болды. Жас көрші егде жастағы ер адамды жұдырықпен бірнеше рет ұрған. Жәбірленуші құлағаннан кейін, оған тағы бірнеше соққы жасалған. Одан кейін шабуыл жасаушы жәбірленушінің үйінен бірқатар затты алып, өз үйіне апарған.
65 жастағы ер адам сол күйі есін жимады. Туыстары жедел жәрдем шақырды. Алайда оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылығы келді. Күдікті оқиға орнынан бой тасалаған, бірақ кейін ұсталды. Ол көршісінің шатырында жасырынып жатқан.
Марқұмның артында 5 баласы қалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2425652-shymkentte-korshiler-arasyndagy-zhanzhaldyng-arty-olimge-ulasty/
