jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Күйеу баласына оқ атқан: Ақтөбе облысында экс-полицей 10 жылға сотталды

    тапанша
    Тапанша ұстап тұрған полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақтөбе облысында қарындасының күйеуін атып өлтіруге оқталған бұрынғы полицейге қатысты үкім шықты. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон-ға" сілтеме жасап.

    Іс материалдарына сәйкес, оқиға Хромтау қаласындағы демалыс базасында болған.

    32 жастағы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі отырыстан кейін жұмысқа кетуі керек еді. Сол себепті ол "Макаров" қызметтік тапаншасын өзімен бірге алып жүрген. Дастарқан басында полицейдің күйеу баласы да отырған.

    Отырыс кезінде күйеу баласы әйелін ұрғанын және бұдан былай да ұра беретінін айтқан. Осы сөздерден кейін учаскелік инспектордың көмекшісі қызметтік тапаншасынан жездесіне оқ атқан. Төртінші рет атқан кезде тапаншаға гильза тұрып қалған.

    Ер адам кеудесі мен ішінен жарақат алды. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды.

    Жараланған азамат аман қалды. Ал бұрынғы полицей адам өлтіруге оқталды деген айыппен сот алдына келді.

    Сот іс бойынша үкім шығарды. Адам өлтіруге оқталғаны үшін бұрынғы полицей 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Күйеу баласына оқ атқан: Ақтөбе облысында экс-полицей 10 жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram