jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атыраудағы төбелес: жасөспірімдердің видеосы желіде тарады

    Атыраудағы төбелес
    Атыраудағы төбелес. Кадр видеодан: t.me/kopsozkz

    Атырауда жасөспірімді, болжам бойынша оқушыны ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалды. Полиция төбелеске қатысқанның барлығын анықтап, тиісті шаралар қабылдады, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    kopsozkz Telegram-арнасында жастар арасындағы төбелестің видеосы жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, Нұрсая шағын ауданындағы аулалардың бірінде оқушылар арасында жанжал туындаған. Салдарынан бес жасөспірім бір оқушыны ұрып-соққан.

    Жарияланымда төбелеске қатысушыларды ересек ер адам ажыратып алғаны айтылған. Ол мектеп қызметкері немесе мұғалім болуы мүмкін.

    Атырау облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. Олар жазба астына түсініктеме қалдырды.

    "Құқық бұзушылыққа жол берген барлық кәмелетке толмаған анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алу жұмыстары жүргізілуде. Жауапкершілікке тарту үшін тиісті шаралар қабылдануда", - делінген хабарламада.

    Полиция басқармасы құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне алынып, бақылауға алынатынын мәлімдеді.

    Атыраудағы төбелес: жасөспірімдердің видеосы желіде тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram