jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қызылорда облысында 6 жасар бала түн ішінде әкесінің Land Cruiser көлігін айдап шыққан

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қызылорда облысында түнде Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген 6 жасар баланың әкесі жауапқа тартылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу кезінде көшелердің бірінен Toyota Land Cruiser көлігін басқарып жүрген 6 жасар баланы байқаған.

    Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, жол-көлік оқиғасының алдын алды.

    Тексеру барысында көлік баланың әкесіне тиесілі екені анықталды. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты бала тәрбиесі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ баланың түнде ересектердің қарауынсыз жүргені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

    Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен әкімшілік айыппұл салынды.

    Сондай-ақ полиция қызметкерлері ата-ана мен балаға қатысты профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Қызылорда облысында 6 жасар бала түн ішінде әкесінің Land Cruiser көлігін айдап шыққан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram