jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қарт көршісін өлтірген": Шымкентте көз жұмған қарттың өліміне қатысты тың деректер айтылды

    Көршілер арасындағы жанжал
    Көршілер арасындағы жанжал. Кадр видеодан: youtube.com/@tvotyrar

    Шымкентте 65 жастағы қарияны есік алдындағы көршісі аяусыз ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Екі ер адам көшеде ерегісіп, арты төбелеске ұласқан. Бірнеше соққыдан кейін зейнеткер жерге құлап, сол жерде тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv

    Айдың-күннің аманында әкесінен айырылған жақындары зар еңіреп отыр. Қанды оқиғаның сұмдық сәттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан 39 жастағы ер адам қарт көршісін аяусыз ұрғанын көруге болады.

    Қария соққыдан жерге құлағанымен, күдікті оны аямаған. Жатқан жерінде тағы бірнеше рет соққы жасаған. Артынша марқұмның үйіне кіріп, кейбір заттарын алып, ештеңе болмағандай кете берген. Ең сорақысы, жаға ұстатарлық жайт балалардың көз алдында болған.

    "Марқұм менің әкемдей болып кеткен жан еді. Ол ешкімге жамандық жасаған емес", - деді көршісі.

    Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі де дереу жеткен. Алайда дәрігерлер келгенде бәрі кеш болыпты. Қазір күдікті ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер жанжалдың нақты себебі мен істің ақ-қарасын анықтап жатыр.

    "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. Күдікті жедел түрде анықталып, құрықталды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлыбек Әлібекұлы.

    Көршілерінің айтуынша, екі ер адамның арасындағы жанжал көлік қоятын орыннан басталған. Күдікті зейнеткерден автокөлігін басқа жерге қоюды талап еткен көрінеді. Алайда оның соңы төбелеске ұласып, ақыры қанды оқиғамен аяқталыпты.

    "Қарт көршісін өлтірген": Шымкентте көз жұмған қарттың өліміне қатысты тың деректер айтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram