"Басшылық жұмыстан қуылды": Шу қаласында полицей көлік жүргізушісін пышақтаған
Жарияланған күні:

Жамбыл облысында полицей қамауға алынды. Ол жол бойындағы жанжал кезінде жүргізушіні пышақтаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Түнгі уақытта болған қанды оқиғадан кейін жергілікті полиция бөлімінің басшылық құрамы жұмыстан қуылды.
Тергеу мәліметінше, Шу қаласы көшелерінің бірінде көлік жүргізушілері арасында жанжал болған. Өзара келіспеген екі жақ жаға жыртысып, суық қару қолданған. Қылмысқа барған Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкері екен.
Ал пышақ тиген азамат дәрігерлер қараған соң үйіне жіберіліпті.
"Жамбыл облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізді. Жедел уәкіл ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылды. Бірқатар басшы қызметкер қатаң тәртіптік жауапқа тартылды, оның ішінде қызметінен босатылғандар да бар", - деп пікір білдірді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2426469-basshylyq-zhumystan-quyldy-shu-qalasynda-politsei-kolik-zhurgizushisin-pyshaqtagan/
