jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атырауда отадан соң көз жұмған жасөспірім: дәрігерлер науқас неге Астанаға жеткізілмегенін түсіндірді

    Дәрігер
    Дәрігер. Фото: pexels.com

    Атырауда мұрнына жоспарлы ота жасалғаннан кейін жағдайы күрт нашарлаған 16 жастағы қызды санавиациямен Астанаға жеткізуге оның бас миының ісінуі мүмкіндік бермеген. Бұл туралы Атырау облыстық балалар ауруханасының басшысы Альмира Сабырғалиева түсіндірді, деп хабарлайды kazinform.

    Жоспарлы ота шамамен 20 минутқа созылып, одан кейін науқас ояту палатасына жатқызылған. Аурухана басшысының сөзінше, отадан кейін қыздың мұрнына қан тоқтату үшін тампон қойылған. Ол наркоздан кейін есін жиып, өздігінен дем ала бастаған кезде тыныс алу түтігі алынған.

    "Медбике сол жерде баланың жағдайының нашарлағанын көрген. Дәрігер шақырған. Алғашқы реанимациялық көмек көрсетілді. Баланың мұрнынан кетіп қалған тампонды анықтап, оны алуға уақыт керек. Жалпы тыныс жолына әрбір секунд қымбат. Сол кезде баланың миына зақым келіп тұр", - деді аурухана басшысы.

    Тампон тыныс алу жолына түсіп, өкпеге барған. Соның салдарынан өкпе мен ми арасындағы оттегі алмасуы бұзылып, кейін бас миының ісінуі пайда болған. Дәрігерлердің сөзінше, мұндай жағдайда науқасты қозғалтудың өзі қауіпті.

    "Науқастың жағдайына байланысты, яғни бас миының ісінуі болғандықтан баланы орнынан қозғау болмайтын жағдай туындады. Себебі ісік қозғалған сайын ұлғайып кетеді. Тікұшақпен жоғары қысыммен көтерілген кезде қарама-қайшылық болады", - деді Альмира Сабырғалиева.

    Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы бұған дейін жасөспірімнің өліміне қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

    Еске салайық, кеше 16 жастағы қыздың мұрнындағы артық етті алу мақсатында тамыз ойының ортасында жоспарлы ота жасалғанын жазған едік. Артынша, науқас 7 қыркүйек күні көз жұмған.

    Атырауда жоспарлы ота қайғылы жағдаймен аяқталды. 16 жастағы оқушы қыз көз жұмды. "Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, мұрын полипін алғаннан кейін қыздың жағдайы күрт нашарлаған.

    Атырауда отадан соң көз жұмған жасөспірім: дәрігерлер науқас неге Астанаға жеткізілмегенін түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram