Қызылорда облысында полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қызылорда облысы Арал ауданында полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қызылорда облысында учаскелік полиция инспектордың өліміне күдікті адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Ол Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қаза тапқан. Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында болған.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2426881-qyzylorda-oblysynda-politseidi-oltirdi-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy-video/
