Finiko пирамидасына қатысты іс: халықаралық іздеудегі топ-менеджер Түркиядан Алматыға жеткізілді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
2022 жылдан бері халықаралық іздеуде болған Finiko қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Түркиядан елге қайтарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Тергеу барысында The Finiko ешқандай нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызмет жүргізбегені анықталды.
Бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен жасалған. Осы тәсіл табыс түсіп жатқандай көрініс туғызып, азаматтардың қаражатын одан әрі тартуға мүмкіндік берген", - дейді ҚМА өкілі.
Күдіктінің әрекеті салдарынан қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған.
Сонымен қатар сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды.
Бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша үш адам мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.
Тергеу жалғасып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
