jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жамбыл облысындағы арнайы операция: жасырын алқап табылды (видео)

    Күдіктіні ұстау
    Күдіктіні ұстау. Видеодан кадр: polisia.kz

    Жамбыл облысында полицейлер Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп ірі есірткі алқабын жою бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ІІМ-нің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, өңірдің құмды алқабына жақын аумақта автономды электр қуатымен жабдықталған және суару жүйесімен қамтылған, үнді қарасорасы өсірілгені анықталған.

    Жасырын алқапты анықтау үшін әуе барлауы қолданылған. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен және жедел қызметкерлердің үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталған.

    Күдікті бұрын бірнеше рет сотты болған Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шыққан.

    "Ол құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өңдеп, басқа өңірлерге апарып көтерме бағамен сатуды көздеген", - деп жазады басылым.

    Тінту барысында жалпы салмағы 438 келі болатын биіктігі екі метрден астам 50 түп қарасора, қаптама материалдар және арнайы агротехникалық жабдықтар тәркіленген.

    Сондай-ақ 12 калибрлі Байкал мылтығы, оған арналған оқ-дәрілер және есірткі тасымалдауға пайдаланылған жол талғамайтын автокөлік тәркіленген.

    Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300 және 287-баптары бойынша (құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру, заңсыз қару сақтау) қылмыстық істер қозғалған.

    Күдікті кінәсін мойындаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Қазіргі уақытта есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

    Жамбыл облысындағы арнайы операция: жасырын алқап табылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram