jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкент әуежайында сөмкесінен тыйым салынған зат табылған әйел айыппұл арқалады

    Патроны бар мылтық
    Патроны бар мылтық. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Шымкент әуежайында сөмкесінен патрон табылған жамбылдық әйелге 60 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жамбыл облысы соттарының Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты патронды заңсыз сақтау фактісі бойынша Жамбыл ауданының тұрғынына қатысты істі қараған (ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі).

    Соттың мәліметінше, 2026 жылғы тамызда жолаушы Шымкент әуежайынан "Шымкент – Жезқазған" бағыты бойынша ұшуды жоспарлаған. Тексеру аймағынан өту барысында қызметкерлер оның сөмкесінен тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 12 калибрлі патронды тапқан.

    Әйелдің кінәсі хаттамамен, тараптардың айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденген.

    "Сотта ол өз кінәсін мойындап, патронды байқамай сөмкесіне салып алғанын және сөмкесінде қайдан пайда болғанын білмейтінін түсіндірді", - делінген хабарламада.

    Криминалистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, патрон зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды.

    ӘҚБтК 482-бабы 1-бөлігінің санкциясы жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

    Сот кінәсін мойындауды, өкініш білдіруді, бірінші рет құқық бұзушылық жасауды және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайтқан.

    Сот қаулысымен әйел ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Тәркіленген патрон жойылуға жатады.

    Қаулы заңды күшіне енді.

    Шымкент әуежайында сөмкесінен тыйым салынған зат табылған әйел айыппұл арқалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram