jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    14 жасар қыз екі жыл бойы зорлық көргенін мәлімдеді: хоккей жаттықтырушысы мен оның танысы ұсталды

    Шайба мен таяқ
    Шайба мен таяқ. Фото: pixabay.com

    Қазақстанда жасөспірім хоккей жаттықтырушысы өзін 2 жыл бойы қорқытып, зорлап келгенін мәлімдеді. Аталған іс бойынша жаттықтырушы мен оның танысы қамауға алынды, деп хабарлайды "Еуразия" арнасы.

    Жаттықтырушы кәмелетке толмаған қызды екі жыл бойы зорлап келген. Ер адам жасөспірімнің сусынына ұйықтататын дәрі қосып, арам пиғылын іске асырған көрінеді. Ең сорақысы, азғын мұнымен шектелмей, "біреуге айтатын болсаң, интим бейнежазбаңды ата-анаңа көрсетемін" деп бопсалап, қыз баланы басқа ер адамдарға сатқан. Қорлықтан көз ашпаған бұрымды мән-жайды екі жылдан кейін ғана жақындарына айтқан.

    Сұмдық жағдай 2024 жылы болған. Он төрт жастағы жасөспірім Талдықорғанда өткен көгалдағы хоккейден жарысқа барған. Турнирдің алдында қасындағы қыздар қаланы аралауға кетіпті, ал ол болса сол кезде пәтерде жалғыз қалған көрінеді.

    "Ас үйде телефон қарап отырған кезімде жаттықтырушым маған жартылай ішілген пиала шай әкеліп берді. Ойымда ешқандай арам нәрсе жоқ, сол шайды іштім. Әрі қарай есімді білмеймін.

    Ұйықтап қалғанымды, қай жерде жатқанымды, еш нәрсені білмеймін. Таңғы сағат 5-6 шамасында оянған кезде төменгі іш киімімнің барлығы қан болып тұрды.

    Жаттықтырушымның қасымда жатқанын көріп, шошып кеттім, сол жерде шок болып қалдым. Ол кісіні оятып, "Маған не істедіңіз?" деп сұраған кезімде, ол: "Не түсініп тұрсың, сол",- деді", - дейді жәбірленуші.

    Зорлық әрекетінен кейін ересек ер адам жасөспірімді ұялы телефонға түсіріп алғанын айтып, егер біреуге тіс жарсаң, бейнежазбаны ата-анаңа көрсетемін деп қорқытқан.

    "Сен осы видеоны таратқанымды қаламасаң, менің айтқандарымды істейсің. Үйдегілерге еш нәрсе айтпайсың, менің айтқандарымды ғана істеп жүресің. Үйдегілерге айтсаң, маған арыз жазылсын, сот болсын, менің төбемде тұрған үлкен ағаларым бар, барлығын шешіп береді. Сендерді өздеріңді түрмеге жапқызып жіберемін, өзіңді колонияға жіберемін деп қорқытты", - дейді қыз.

    Жәбірленушінің айтуынша, зорлық әрекеттері екі жыл бойы жалғасып келген. Өзінің арам ойын іске асырып келген 38 жастағы бапкері мұнымен шектелмей, кәмелетке толмаған қызды достарына ақшаға сатқан. Қорлыққа шыдамаған жасөспірім амалсыздан жақындарына айтқан. Олар жаттықтырушымен кездескен кезде ашуға берілген көрінеді. Енді зорланды деген қыздың ағасы изоляторда, ал анасы үй қамақта отыр.

    "Анама, ініме іс қозғағанды дұрыс деп санамаймын. Өйткені өз қызының кім тарапынан зорланғанын білген кезде, олай бейжай қарап тұрады дейсіздер ме? Біздің орнымызда басқа адам болған кезде, оларды тұрған жерінде өлтіріп тастар еді. Ал біз оған мүмкіндік бердік. Бұл қаладан жоқ болып кет деп талап қойдық және олардан еш нәрсе сұраған жоқпыз", - дейді ол.

    Қылмыстың ауырлығына байланысты кәмелетке толмаған қызды зорлау бойынша істі аудандық емес, облыстық полиция қызметкерлері қозғаған. Тергеу барысында зорлыққа қатысы бар деген күдікпен хоккей жаттықтырушы мен оның танысы қамауға алынды.

    "Екі күдікті ұсталып, сот санкциясы арқылы қамауға алынған. Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталып, қатысушылар іс материалдарымен танысуда. Істердің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді", - деп пікір білдірді облыстық ПД басқармасының бастығы Бауыржан Сәулебеков.

    Өндірістегі іс Қылмыстық кодекстің 20-бабын қамтып отырғаны белгілі болды. Жәбірленушінің жақындары полицейлердің тергеуі тез арада бітіп, істің сотқа жеткенін талап етеді. Шәкіртін жаттықтырудың орнына зорлаған бапкер барынша ауыр жазасын алсын дейді.

    14 жасар қыз екі жыл бойы зорлық көргенін мәлімдеді: хоккей жаттықтырушысы мен оның танысы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram