jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Түн ішінде белгісіз біреу музейге кіріп, көптеген затты бүлдіріп кеткен

    терезе
    Терезе. Иллюстрациялық фото: brizmaker/Getty Images

    Көкшетауда жергілікті мұражайлардың бірінің директоры мүліктің бүлінгенін байқап, полицияға арызданды, деп хабарлайды Ақмола облысы ПД сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақмола облысы полиция департаменті Instagram парақшасында 12 қыркүйекке қараған түні мұражайдағы мүліктің бүлінуіне қатысты іс қозғалғаны хабарланды. Тергеу мәліметінше, белгісіз ер адам ғимараттың жертөле қабатындағы терезені сындырып, ішке кірген.

    "Одан кейін қаскөй техникалық жабдықтар орналасқан бөлмеге кірген. Салдарынан сымдар, пломбалар, датчиктер және жабдықтың басқа да элементтері бүлінді. Сонымен қатар жылыту жүйесіне де зақым келтірілді.

    Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі анықталуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның сомасы шамамен бір миллион теңге", - деп атап өтті полицияда.

    Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жауапкершілігін қарастыратын бап бойынша жүргізіліп жатқаны айтылды.

    "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 32 жастағы ер адам анықталды, оның құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы қазіргі таңда тексеріліп жатыр", - деп қосты өңірлік ПД.

    Тергеу жалғасуда.

    Түн ішінде белгісіз біреу музейге кіріп, көптеген затты бүлдіріп кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram