Семейде сәтсіз жарнама салдарынан 17 жасар жасөспірім айыппұл арқалады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Семейде әлеуметтік желідегі жарнамаға байланысты кәмелетке толмаған жасөспірім мен мекеме иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Абай облысы ПД Instagram парақшасында қаладағы мекемелердің бірінде кальянды жарнамалаған бейнеролик анықталғанын хабарлады. Онда 17 жасар жасөспірім балағат сөздер айтқан.
"Тексеру нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ мекеме өкілі де тыйым салынған орында темекі өнімдерін тұтынудың жолын кесу бойынша шара қолданбағаны үшін жауапқа тартылды", - деп мәлімдеді өңірлік полиция.
Әкімшілік материалдар заңда белгіленген тәртіппен қарау үшін жолданғаны атап өтілді.
Құқық қорғау органдары Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян тұтынуға тыйым салу 2020 жылдан бері қолданыста екенін еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2427504-semeide-satsiz-zharnama-saldarynan-17-zhasar-zhasospirim-aiyppul-arqalady-video/
