jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы тұрғыны аудандық полиция басқармасының ғимаратына бомба қойғаны туралы хабарлама жіберген

    заң бұзушы
    Хабарлама жіберген адам. Видеодан кадр: Алматы ПД баспасөз қызметі

    Алматыда 56 жастағы ер адам аудандық полиция басқармасының ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабарлама жіберген. Хабарлама жалған болып шықты, оны жіберген адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, Алматы қаласындағы аудандық полиция басқармаларының бірінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы полицияға хабарлама түскен.

    Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу жетіп, ғимарат пен оған іргелес аумақты мұқият тексерді.

    Тексеру нәтижесінде жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар, оқ-дәрілер және күмән тудыратын өзге де заттар табылған жоқ.

    "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында біздің басқарманың қызметкерлері хабарламаны жіберген адамды анықтады. Ол 56 жастағы ер адам болып шықты. Ол іс жүзінде ешқандай жарылғыш зат қоймағанын және ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаны қасақана жасағанын мойындады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

    Полиция ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы кез келген хабарлама нақты қауіп ретінде қарастырылатынын ескертеді. Мұндай әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

    Алматы тұрғыны аудандық полиция басқармасының ғимаратына бомба қойғаны туралы хабарлама жіберген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram