jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Екі баланың көзінше болған": Астанада отбасылық жанжал жантүршігерлік жағдайға ұласты

    тұрғын үй кешені
    Тұрғын үй кешені. Видеодан кадр: t.me/kriminal_kazakhstan

    Отбасылық Жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салып, артынша өзіне қол жұмсаған. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Криминальный Казахстан" паблигінің мәліметінше, қайғылы жағдай "Шығыс" тұрғын үй кешенінде болған.

    "Көршілердің айтуынша, оқиға 12 және 14 жастағы екі баланың көзінше болған", - делінген жазбада.

    NUR.KZ тілшісі Астана қалалық полиция департаментіне сауал жолдады. Ведомство ақпаратты растады.

    "Адам өлтіру және суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыпты арасындағы жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйелін пышақтап, артынша өзіне де пышақ жарақатын салғаны анықталды. Алған жарақатынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізілуде.

    "Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді полициядағылар.

    "Екі баланың көзінше болған": Астанада отбасылық жанжал жантүршігерлік жағдайға ұласты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram