jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкент тұрғыны пәтерді жалға беруде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

    пәтер кілті
    Көрнекі фото: pexels.com

    Шымкентте бойжеткенге қатысты пәтер алаяқтығы бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті онлайн-платформада пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялап отырған.

    "Ол пәтерлердің суреттерін жариялап, тиімді шарттарды көрсету арқылы жалға алушыларды тартқан. Қызығушылық танытқан азаматтарға төлемнің бір бөлігін алдын ала аудару қажеттігін айтқан.

    Ақпаратқа сенген Шымкенттің 10 тұрғыны оған ақша аударған, алайда уәде етілген баспананы кіре алмаған", - деп хабарлады қалалық ПД.

    Қазіргі уақытта "Алаяқтық" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

    Шымкент тұрғыны пәтерді жалға беруде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram