jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жұмыс орнында темекі шеккен мәслихат депутаты видеоға түсіп қалды

    депутат
    Қанат Саққұлақов. Видеодан кадр: t.me/egovpress

    Желіде ер адамның жұмыс орнында, онлайн жиналыс кезінде электронды темекі шегіп отырған сәтінен видео тарады. Ол Қарағанды облысының депутаты болуы мүмкін екені айтылуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Саққұлақовқа ұқсайтын адам жиналыс кезінде жұмыс орнында темекі шегіп отыр. Ал қарапайым азаматтарды қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін бірден жауапкершілікке тартады", - деп жазылған Telegram-дағы Egov.press арнасында.

    Қарағанды облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне видеодағы адамның аудандық мәслихат төрағасы екенін растады.

    "Желіге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Zoom платформасы арқылы өткен онлайн жиналыс кезінде ер адамның қызметтік кабинетінде отырып, электронды темекі шеккен сәті түсірілген видеоны анықтады.

    Тексеру нәтижесінде азаматтың жеке басы анықталды. Ол Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы болып шықты", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

    Аталған факті бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған айыппұл салынды.

    Қарағанды облысының ПД өкілдері заң талаптары ешкімнің лауазымы, мәртебесі немесе қоғамдық жағдайына қарамайтынын атап өтті.

    "Заң мен тәртіп баршаға бірдей", - деді ведомстводағылар.

    Осакаров аудандық мәслихаты аппаратының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, төраға қызметін Қанат Саққұлақов атқарады.

    Жұмыс орнында темекі шеккен мәслихат депутаты видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram