Алматыда жанармай құю бекетінде дрифт жасаған BMW жүргізушісі жазаланды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қала аумағында дрифт жасаған кезекті жүргізушінің жауапкершілікке тартылғаны мәлім болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полиция департаментінің Instagram парақшасындағы мәліметіне сәйкес, BMW-мен қауіпті дрифт жасаған азамат табылып, ұсталды. Ол 23 жастағы жүргізуші болып шықты.
Полиция дерегінше, құқық бұзушы жанармай құю бекетінің аумағында айналасындағыларға қауіп төндіретін маневрлер жасаған.
"Маневр жасағаны, жолға зақым келтіргені және апатты жағдай тудырғаны үшін жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жолданды. Нәтижесінде ол 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп атап өтті полицияда.
Алматы полициясы адамдар мен көліктердің жанында дрифт жасау ойын емес екенін еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2427993-almatyda-zhanarmai-quiu-beketinde-drift-zhasagan-bmw-zhurgizushisi-zhazalandy-video/
