jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ойын-сауық мекемесінде прокурор ұсталды": полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді

    Прокуратура қызметкері
    Прокурор. Иллюстрациялық фото: facebook.com/GenProkRK

    Желіде Алматы полициясы Алматы облысы аудандарының бірінің прокурорын мас күйінде ұстады деген ақпарат тарады. Қалалық ПД аталған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Threads әлеуметтік желісінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының аға прокуроры Алматыдағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде болған оқиғадан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат пайда болды.

    "Алкогольдік масаң күйде бола тұра, Алматыдағы ойын-сауық мекемесінде қоғамдық тәртіпті бұзды, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады, осыған байланысты ұсталды", - делінген жазбада.

    Сонымен қатар жазбада ұсталған адамның кейін босатылған болуы мүмкін екені айтылды.

    Жарияланым астындағы пікірлерде Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, аталған дерек бойынша "102" пультіне қаладағы мекемелердің бірінде жанжал болғаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.

    "Оқиға қатысушылары Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады", - деп атап өтті полиция өкілдері.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Алматы облысының прокуратурасына да жүгінді.

    "Ойын-сауық мекемесінде прокурор ұсталды": полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram