Алматы метросында жолаушының сөмкесінен оқ-дәрі табылды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы қалалық полиция департаменті метро станцияларының бірінде жүргізілген қарапайым тексеру нәтижелері туралы хабарлады. Жас жігіттің сөмкесінен оқ-дәрілер табылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы қалалық полиция департаменті Instagram парақшасында "Байқоңыр" станциясында жолаушыдан күдікті зат табылғаны туралы хабарлады. Ол сөмкені рентген аппараты арқылы тексеру кезінде анықталған.
"Тексеру барысында 5,45 миллиметрлік калибрлі ойық ұңғылы қаруға арналған екі патрон табылып, тәркіленді. Жас жігіт ұсталып, аумақтық полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деп атап өтті ПД өкілдері.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі уақытта жолаушының оқ-дәріні қайдан алғаны және оны қандай мақсатта тасымалдағаны анықталып жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2428037-almaty-metrosynda-zholaushynyng-somkesinen-oq-dari-tabyldy-video/
