jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыдағы бар маңындағы төбелес: қазақстандық рэпер ер адамды соққыға жықты деген күдікке ілінді

    полиция қызметкерлері
    Полиция қызметкерлері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыда қалалық барлардың бірінің маңында болған түнгі төбелес бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысы барлар қатарында қазақстандық рэперді есімі аталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық рэпер Qurt (Дамир Қойшыбаев) қатысы бар болуы мүмкін төбелеске қатысты ақпарат Threads әлеуметтік желісінде пайда болды.

    "30 тамыздан 31 тамызға қараған түні, шамамен таңғы 4-5 шамасында, Фурманов көшесі, 118 мекенжайында шешендік өнер курсының оқушысы қатыгездікпен соққыға жығылды. Жәбірленуші мен куәгерлердің айтуынша, оны қазақстандық рэпер Qurt, яғни Дамир Қойшыбаев ұрған", - делінген @qwertgyassd никнеймі бар қолданушы.

    Жазбадағы ақпаратқа сәйкес, жәбірленуші барда өз таныстарымен, ал рэпер өз достарымен болған. Кейін екі компания арасында сөз таласы туындап, ол мекемеден тыс жерде төбелеске ұласқан.

    Жарияланым авторының айтуынша, салдарынан ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

    Алматы қалалық полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне аталған факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

    "Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Барлық қатысушының жеке басы анықталды. Оларды ұстау шаралары қабылдануда. Тергеу жалғасуда. Оның барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады ведомстводан.

    Алматыдағы бар маңындағы төбелес: қазақстандық рэпер ер адамды соққыға жықты деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram